2025 жылғы 18 наурызда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспары бойынша Астана қаласының №70 мектеп-лицейінде «Шеберден тәлім» жобасы аясында «Білікті ұстаз – сапалы білім кепілі» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің математика пән мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында 9 «Г» сыныбына №53 мектеп- лицейінің математика пәнінің мұғалімі Төлебаева Жазира Темірханқызы, «Тригонометриялық функциялардың қосбұрышының және жарты бұрышының формулалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді, 10 «Г» сыныбына №73 мектеп- лицейінің математика пәні мұғалімі Таганов Бекболат Сарсенбаевич «Жазықтықтың теңдеуі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. №70 мектеп-лицей математика пәні мұғалімі Парманова Сандуғаш Қуанышбековна 5 «С» сыныбына «Жиындардың қиылысуы мен бірігуі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Семинардың екінші жартысында педагог-шебер ұстаздар шебер сабақтар өткізді. Атап айтсақ,
«Геометриялық есептерді шешудің таңдаулы әдіс–тәсілдері» Тердікбай Күшай, №66 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі; «Геометриялық емес есептерді геометриялық жолмен шешу» Таганов Бекболат Сарсенбаевич,№73 мектеп- лицейінің математика пәнінің мұғалімі; «Заманауи мұғалім: кәсіби даму және жаңашылдық» Парманова Сандуғаш Қуанышбековна, № 70 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері;
«Математикалық сауаттылық-заман талабы» Төлебаева Жазира Темірханқызы, №53 мектеп- лицейінің математика пәнінің мұғалімі шебер-сабақ берді.
Семинар соңында қатысушыларға оң кері байланыс берді, олардың пікірлері бойынша семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жаңа идеялар мен әдістердің тиімділігі бағаланды.