2026 жылғы 06 ақпан күні халықаралық SHARE жобасы аясында жылсайынғы халықаралық конференция өтті. Конференцияға 300-ден астам жобадағы педагогтер мен «Назарбаев интеллектуалды мектептер» ДББҰ, Bottisham Village College (Кембридж) өкілдері және Кембридж университетінің құрметті профессоры Коллин Маклафлин мен білім саласындағы зерттеуші Кейт Эванс, қауымдастырылған PhD профессоры Назипа Аюбаева қатысты.
Конференция барысында Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы басшысы Сындар Дауешова конференцияны ашып құттықтау сөз сөйледі.
Пленарлық сессияда спикерлер Коллин Маклафлин, Кейт Эванс, Назипа Аюбаева жоба аясындағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысы бойынша ойларымен, Тимур Шаймаханов, Карина Каирбекова, Сауле Аскарова, Жанна Сулейменова ECER, CARN халықаралық конференция жұмысы тәжірибесімен бөлісіп сұрақтарға жауап берді.
Секциялық жұмыстар барысында жобадағы мектептердің зерттеуші-педагогтері зерттеу тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылармен өзекті сұрақтарды талқылады.
Конференцияның «Постер-сессия» бөлімінде зерттеуші-педагогтер жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижелерін ортаға салды.
Конференция сайтында дауыс беру арқылы Астана қаласының
№65 мектеп-гимназиясының постері үздік номинацияға ие болды.
Іс-шара соңында қатысушылар кері байланыс беріп, конференция жұмысы қорытындыланды, ұсыныстар шығарылды.








