2025 жылғы 24-27 ақпан аралығында халықаралық SHARE/NIS жобасы аясында кезекті тренинг өтті. Тренингке белгіленген 20 педагог қатысты.
Тренинг барысында Кембридж университетінің құрметті профессоры Коллин Маклафлин мен зерттеуші Кейт Эванс іс-әрекеттегі зерттеудегі педагогтердің кәсіби дамуы, зерттеу әдістері, деректерді талдау бойынша тәжірибелерімен бөлісті және оқыту жүргізді.
Іс-шараның соңғы күні қатысушыларға үйге тапсырма беріліп кері байланыс талқыланды.