2026 жылдың 13-14 қаңтарында Әдістемелік орталықтың техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскерлері колледж оқытушыларына «Аттестаттау талаптары: педагог тәжірибесін талдау және жетілдіру» тақырыбында 2 күндік семинар — практикум өткізді.
Іс-шарада аттестаттау рәсімінен, авторлык жұмыстарды жазу, жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату үшін материалдар жинақтау мәселелері талқыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді.
Семинардың практикалық бөлімінде оқытушылар портфолио бағалау критерийлерін өз бетінше толтырып, материалдардың сараптамаға дайындығын талдауға мүмкіндік берілді.
Астана қаласындағы колледждерден 120-ден астам педагог қатысты.












