«САРЫАРҚА ТАНУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 5 жастағы балабақша тәрбиеленушілерінің тұрғылықты жерін танып-білу, алғашқы түсініктерін қалыптастыру мақсатында әзірленген «Сарыарқа тану» бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына, әдіскерлеріне және мектепалды топ тәрбиешілеріне арналған.

Осыған орай, балабақшаларға әдістемелік қолдау көрсету және бағдарламаны кеңінен түсіндіру мақсатында мемлекеттік және жеке меншік балабақша әдіскерлеріне арналған оқыту вебинары өткізілді.

💻 Вебинарға барлығы жекеменшік және мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 350 әдіскері қатысты. Қатысушылар бағдарламаның мазмұнымен танысып, оны тиімді іске асыру жолдары бойынша қажетті әдістемелік кеңестер алды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *