2025 жылдың 23-24 қаңтар күндері Астана қаласының №103 орта мектебінің базасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Сандық дәуірдегі жаңа дағдылар» тақырыбында екі күндік семинар-практикум өткізді.
Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің заманауи цифрлық технологияларды меңгеру деңгейін арттырып, білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын үйрету. Іс-шараға мектепке дейінгі және арнайы білім беру ұйымдарынан 100-ден астам педагог қатысты.
Екі күндік семинар-практикумда қамтылған тақырыптар: Microsoft Office (Word, Excel) бағдарламаларында жұмыс істеудің негіздері, Google онлайн қызметтері: мүмкіндіктері мен қолдану жолдары, Медиа және ақпараттық сауаттылық. Қашықтан оқыту барысында бейнеролик түсіру жолдары (мобилография), Білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі.
Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, топтық жұмыс арқылы дағдыларын шыңдады. Бұл шара педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруда және сандық құралдарды тиімді қолдану арқылы білім беру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады.