2025 жылғы 05 қаңтар күні Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Салауатты өмір салты – сәттілік формуласы» тақырыбында қалалық денсаулық фестивалі өтті. Іс-шараға жобадағы мектептердің 45 педагогі мен №№12, 51, 56, 80 мектептер командаларынан 10 білім алушы қатысты.
Фестиваль аясында №80 мектеп-гимназия педагогтері «Дұрыс тамақтанудың құпиялары» тақырыбында тәжірибелік эксперимент және «Дұрыс тамақтану формуласы» жобасының көрсетілімі өтті.
Сонымен қатар, қатысушы командалар денсаулық сайысы барысында: «Салауатты тамақтануды ұстанудың үздігі», «Салауатты өмір салты туралы үздік плакат», «Денешынықтыру — визиткасы», «Үздік би» кезеңдерінде білімдері мен дағдыларын шыңдады.
Іс-шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп «Салауатты тамақтану мектебі» жобасының бала тәрбиесінде маңызы зор екенін атап өтті.