«Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында «Салауатты бастама» тақырыбында онлайн Челлендж өтті

2025 жылғы 22 қыркүйектен 31 қазанға дейін «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында бастауыш сынып білім алушылар мен ата-аналарға арналған «Салауатты бастама» тақырыбында онлайн Челлендж «Nestle-Фуд Қазақстан» компаниясының қолдауымен өтті.

Челлендж 4-кезеңнен тұрды:«Жемістер мерекесі», «Суперқаһарманның таңғы асы», «Жасыл қаһармандар», «Бірге қозғаламыз», және көрермендер көзайымы, INSTAGRAM парақшасында байқау.

Челлендж нәтижесінде Астана қаласы мектептерінің білім алушылары жүлделі орындарға ие болды:

«Суперқаһарманның таңғы асы» кезеңі  бойынша 1-орын – Амир Қанат, Қ. Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінің 1 «Ә» сыныбы; 2-орын — Ильясова Жанат, Ә. Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінің 2 «Е» сыныбы;;

«Жасыл қаһармандар» кезеңі бойынша 1-орын — Арслан Даулет, №4 мектеп-гимназиясының 1 «Д» сыныбы; 3-орын – Синицына Святослава,
Ш. Айманов атындағы №20 орта мектептің 4 «Г» сыныбы;

«Жемістер мерекесі» кезеңі бойынша 2-орын – Тулетай Данеля, №64 мектеп-лицейінің 2 «Ә» сыныбы; 3-орын – Жарылқасын Айсезім, №4 мектеп-гимназиясының 2 «А» сыныбы;

«INSTAGRAM парақшасындағы Челлендж – Муканов Эмиль, №114 жалпы орта білім беретін мектептің 1 «Е» сыныбы;

«Көрермендер көзайымы» — Амир Қанат, Қ. Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінің 1 «Ә» сыныбы.

Жеңімпаздар сертификаттар және  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Женімпаздарды құттықтаймыз!

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *