2025 жылғы 17 мамыр күні Астана қаласында Nestlé компаниясының «Nestlé for Healthier Kids» жаһандық бастамасымен жүзеге асырып жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» жобасы аясында алғашқы отбасылық аспаздық баттл өтті. Іс-шараның мақсаты- ағымдағы оқу жылында өткен «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» отбасылық фотосурет онлайн байқауы жеңімпаздарын марапаттау және отбасылар арасында аспаздық сайыс ұйымдастыру.
Іс-шараға Астана қаласы мектептерінің (№№10, 51, 52, 72, 80) бастауыш сынып білім алушылары арасынан 8 отбасы қатысты. Астпаздық баттл дұрыс тамақтану, отбасылық дәстүрлер және шығармашылыққа баулу идеяларын біріктірді.
Қатысушылар екі кезеңнен тұратын зияткерлік викторина мен «Керемет-тағам» аспаздық баттлында күш сынасты. Отбасылар алдын ала таңдалған ингредиенттер жиынтығынан тағам дайындап, нәтижелерді кәсіби шеф-аспаз бағалады. Ол қатысушылармен пайдалы кеңестерімен бөлісіп қана қоймай, жаңа аспаздық тәжірибелерге шабыт берді.
Осындай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор, олар ұрпақтарды біріктіріп, салауатты өмір салты туралы тақырыптарды балаларға түсінікті әрі жақын етеді. Отбасылық мерекелерге қатысу арқылы балалар тек пайдалы білім алып қана қоймай, сонымен қатар ынтымақтасуға, түсіністікке және жауапкершілікке үйренеді және отбасы институтын нығайту мен салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттауға бағытталған жүйелі жұмыстың айырылмас бөлшегі болып табылады.
Аспаздақ баттл соңында барлық білім алушылар отбасыларымен бірге жеңімпаз атанып сыйлықтармен, сертификаттармен марапатталды және баттл қатысушылары өздері дайындаған тағамдардың дәмін татып алған әсерлерімен бөлісті.