Астана қаласы Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру бөлімі тарапынан Құзыреттілік орталықтарының қызметін үйлестіру және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында №№ 1, 37, 42, 58, 95, 98 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында озық педагогикалық тәжірибені тарату, енгізу және жоспарлау жұмыстарына зерделеу жүргізілді.
Зерделеу барысында білім беру үдерісінің мазмұны, қолданылып отырған педагогикалық технологиялар, әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуы, сондай-ақ педагогтер арасындағы тәжірибе алмасу тетіктері жан-жақты қарастырылды.
Құзыреттілік орталықтарының қызметіне әдістемелік көмек көрсету және жоспарлау жұмыстары жыл бойы жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады.








