2025 жылдың 23 қаңтарында Астана қаласындағы «Еуразиялық гуманитарлық институтының жоғары колледжі» мекемесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Заң және тәртіп айы» аясындағы «Құқықтық сауаттылық: қауіпсіз өмірге жол» атты онкүндік шеңберінде «Құқықтану» мамандығының студенттерімен «Жазасыз қылмыс болмайды» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің қонақтары ретінде Әділет басқармасының бас маманы Смагулов Бауыржан Капарович, Заң ғылымдарының доценті Қалдыбаев Қайырбек Серікбайұлы шақырылды. Тәжірибелі мамандар құқық бұзушылықтың салдарын сезіну, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу және олардың әрекеттері үшін жауапкершілікпен қарау туралы білімдерімен бөлісті.
Іс-шара барысында болашақ маман студенттерге заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру нақты мысалдар арқылы баяндалды.