Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес 2025 жылғы 29 қаңтар күні «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығына» МКҚК әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік десант өткізілді. Іс-шараға барлығы 21 педагог қатысты. Әдістемелік десант мақсаты — білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыруда тәжірибе тарату, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру үшін жағдай жасау. Әдістемелік десант барысында әдіскерлер тарапынан балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының қызметі саласындағы заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілердің негізінде құжаттардың тізбесі, «Қосымша білім беру ұйымдарында жасанды интеллект сервистерін тиімді пайдалану», «Zertte» республикалық педагогикалық ғылыми-зерттеу журналына мақала жазу және рәсімдеуге қойылатын талаптар, «Қосымша білім беру ұйымдарындағы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қауіпсіздігі», «Білім беру ұйымдарындағы тәуекел тобындағы және мектепішілік, қалалық құқықбұзушылық бойынша есепте тұрған балаларды қосымша біліммен қамту» бойынша жұмыстар жүргізілді. Әдістемелік десант соңында педагогтер жұмыс барысында туындайтын сұрақтар, қиындықтар, авторлық бағдарламарға байланысты сұрақтарын қойып жауаптарын алды.