2025 жылдың 22 сәуірінде Әдістемелік орталық Еуразия гуманитарлық институтының Жоғары колледжімен бірлесіп «Қонақжайлылық индустриясы: трендтер, перспективалар, кәсіби білім» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізді. Семинар «Туризм» және «Қонақ үй бизнесі» мамандықтары бойынша мамандықтарды даярлайтын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған.
Семинар студенттерді қонақжайлылық бағытында сапалы дайындауда әдістемелік көмек көрсету және оқытушылардың тиімді тәжірибесін тарату, қалалық деңгейде тиімді де өзекті инновациялық тәжірибелерді тарату арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинарда талқыланған мәселелердің барлығы туризм және қонақ үй бизнесі мамандарының кәсіби дамуына және тұтынушыға бағытталған қызмет көрсету дағдыларын меңгеруге әкеледі.
Семинар барысында шақырылған қонақтар: Шайкенова Рашида Рашидовна- Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының президенті, Верницкая Татьяна Степановна — Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының «Туризм» салалық кеңесінің төрағасы, «Қалалық туризмді дамыту орталығы» Қауымдастық бірлестігінің атқарушы директоры және Фролов Станислав Юрьевич — Қазақстан Скаут қозғалысының ұлттық жаттықтырушысы, «Вожатый мектебінің» жетекшісі, туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.