Профильді сыныптарында оқитын оқушылардың қалалық «Кәсіби старт» слеті өтті

         2025 жылғы 19 мамырда  Жұмысшы мамандықтар  жылы  және  республикалық «100 бейінді сыныптар»жобасын іске асыру аясында Астана қаласының профильді сыныптарында оқитын оқушылардың қалалық «Кәсіби старт»  слеті өтті.

        Іс-шараның мақсаты: мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануына жәрдемдесу, жұмысшы мамандығын алуға ынтасын арттыру, техникалық және кәсіптік білім берудің беделін көтеру.

Мектеп оқушылары үшін қызықты, әрі танымдық форматта автомобиль және теміржол көлігін техникалық қызмет көрсету, тігін өндірісі, дизайн, флористика, тамақтануды ұйымдастыру, медицина, педагогика, ақпараттық технологиялар және басқа да бағыттар бойынша оқу кейстері, шеберлік сабақтар, интерактивті іскерлік ойындар, бизнес-идеялар таныстырылымдары, психологиялық-педагогикалық тренингтер өткізілді.  Слеттің диалог алаңдарында колледж студенттері арасында өткен WorldSkills халықаралық чемпионаты мен республикалық «TOP-100» байқауының жеңімпаздарымен, сондай-ақ кәсіпорындардың жетекші мамандарымен кездесулер өтті.

        Іс-шараға жалпы 400-ден астам мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері, мектеп пен колледж педагогтері қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *