«ППТК жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды нейропедагогикалық диагностикалау мен түзету жұмыстарының ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді

2025 жылғы 21 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес, «№ 3 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұйымдастырылған, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы педагогтеріне арналған «ППТК жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды нейропедагогикалық диагностикалау мен түзету жұмыстарының ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара  №3 ППТК мемлекеттік мекемесімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚ) балаларды қолдаудың заманауи түзету-дамыту технологияларын және әдістерін енгізу тәжірибесімен бөлісу болды.

Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 99-ға жуық арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *