Күн тәртібінде:
1. 2024-2025 жылға арналған жұмысты талқылау;
2. Өткізілген ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен шебер-сыныптар бойынша анализ жасап, қауымдастық лидерлерінің есеп беруі;
3. Сұрақ-жауаптар қарастырылды.
Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Райгуль Гильмановна қауымдастықтың жұмыс жасау механизміне тоқталып, ерекшеліктерін атап өтті. Педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасап, қолдау білдіру керектігіне база назар аудару керектігін айтты.
Қауымдастық лидерлері осы уақытқа дейін жасалған жұмыстардың анализін жасап, мектепке дейінгі білім берудегі тың идеялар мен инновациялық технологияларды барынша қолданып, тәжірибелерімен бөлісіп жатқан педагогтердің жұмысын айрықша атап өтті.
Елордалық педагогтер қауымдастығы 5 ауданда 28 шебер-сынып пен 80 ашық үйымдастырылған іс-әрекетті ұйымдастырды .
Жалпы көлемі 1000 — нан аса педагогті қамтыды.