«Педагогикалық сынып» жобасы 2024-2025 оқу жылында «Шақырылған оқытушылардан дәріс» форматында өтуде. Аталған дәріске Астана халықаралық университеті, Еуразиялық гуманитарлық институт, Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі, Еуразиялық гуманитарлық институтының колледжі қатысады.
2025 жылдың 11-14 наурыз аралығында № 92, № 11, № 89, № 32 мектептерде педагогикалық мамандыққа қызығушылық танытып жүрген 9-11 сыныптан 50-ден астам білім алушы қатысты.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы әр білім алушының нақты мамандықты таңдауына емес, саналы, тәуелсіз кәсіби таңдауды жүзеге асыруға, өз таңдауына жауапты болуға, кәсіби мобильді болуға мүмкіндік береді.
«Педагогикалық сынып» ерте кәсіптік бағдар беру — мақсатты кәсіптік-педагогикалық бағдарлау және педагогикалық қызметке тұрақты қызығушылықты қалыптастыру болып табылады.