«PBL технологиясы. Теориялық білімнің шынайы өмірмен байланысы арқылы күтілетін нәтиже – соңғы өнім» атты қалалық вебинар
15 мамыр күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚҚ әдіскері Жанар Сейтахмет және Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM school мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бимбетова Замира Асилхановна, Астана қаласы әкімдігінің «Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК, директордың бейіндік оқыту бойынша орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кариева Райхан Оразбайқызы қалалық білім беру ұйымдарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні (Т1) педагогтерінің жас мамандарына әдістемелік қолдау көрсету, кәсіби кедергілерді еңсеру және заманауи білім беру әдістерін тиімді қолдануға баулу мақсатында «PBL технологиясы. Теориялық білімнің шынайы өмірмен байланысы арқылы күтілетін нәтиже – соңғы өнім» қалалық деңгейде тәжірибе алмасу вебинарын ұйымдастырды.
Вебинардың негізгі мақсаты – жас мамандарға PBL (Project Based Learning) – жобалық оқыту технологиясының теориялық негіздері мен практикалық тиімділігін түсіндіру, оны оқу үдерісінде қолдану жолдарын меңгерту, пәндік және тұлғалық құзыреттерді қалыптастыруға ықпал ету.
Іс-шара барысында қатысушылар келесі бағыттарда жұмыс жүргізді:
- PBL технологиясының ерекшеліктері мен кезеңдерімен танысты;
- Теориялық білімнің шынайы өмірмен байланысын орнату арқылы оқушыларда зерттеушілік, шығармашылық және талдау дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылды;
- Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында PBL әдісін қолданудың нақты мысалдары ұсынылып, табысты жобалар үлгілері көрсетілді;
- Жас педагогтерге пән мазмұны мен оқу мақсаттарына сай жобаларды құрастыру, жоспарлау және соңғы өнімге жету жолдары бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.
PBL әдісі оқушылардың өздігінен білім алуына, бірлесе әрекет етуіне, шынайы мәселелерді шешу арқылы жауапкершілік пен шығармашылық қабілетті дамытуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл әдіс жас мамандарға өз кәсіби шеберлігін жетілдіруге, жаңашыл бағыттағы әдістемелік машықтарын қалыптастыруға жол ашады.
Вебинарға қатысқан мұғалімдер өз тәжірибелерінен мысал келтіріп, туындаған сұрақтар бойынша пікір алмасып, әдістемелік қолдауға ие болды. Іс-шараның қорытындысы ретінде қатысушыларға оқу үдерісінде жобалық әдісті тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар мен ресурстар таратылды.
Бұл вебинар жас мамандарды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі ретінде өз нәтижесін беріп, білім сапасын арттыруға үлес қосатыны сөзсіз.