Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тәсілдері мен әдістері

Жуырда № 93 мектеп-лицейде «Әдістемелік орталық» МКҚК жоспары бойынша орыс тілі мен әдебиетінің жас мұғалімдеріне (Я2), арналған семинар өтті.

Семинар тақырыбы: «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тәсілдері мен әдістері»

Мақсаты: орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Семинарға қатысушыларға сауатты жазу, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеудің әдістемелік тәсілдері , мәтіндерді талдай білу, сондай-ақ сыни ойлау сияқты табысты оқу және кәсіби қызмет үшін маңызды дағдыларды дамытуға бағытталған әдістемелердің кең ауқымы ұсынылды.

Семинар аясында практикалық сабақтар мен шеберлік сыныптары өткізілді, онда педагогтер тәжірибеде түрлі тәсілдерді сынап көрді және оларды нақты сабақтар жағдайында қолдануды талқылады. Семинарға қатысушылар функционалдық сауаттылықты дамыту үшін сабақтарда қолдануға болатын тапсырмалардың нақты мысалдарын ұсынды. Іс-шараға білім беру ұйымдарының тәжірибелі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.

Семинар білім сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадам болды, өйткені функционалдық сауаттылық — бұл дұрыс жазу немесе оқу ғана емес, сонымен қатар алынған білімді нақты өмірде тиімді қолдану қабілеті. Жас педагогтар іс-шараны ұйымдастырушыларға практикалық бағытталғандығы мен пайдалы ақпараты үшін алғыстарын білдірді.

Семинар конструктивті диалог пен ынтымақтастықтың алаңына айналды, бұл білім беру мекемелерінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша алдағы уақытта оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *