2026 жылғы 04 ақпанда ТжКБ бөлімінің әдіскерлері Білім басқармасы жанындағы қалалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқу-әдістемелік материалдар мен білім беру бағдарламалары негізінде педагогикалық тәжірибену тарату бойынша вебинар өткізді. Іс-шара онлайн форматта өтіп, Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстарының, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларының педагогтерін біріктірді.
Педагогикалық тәжірибені тарату тиімді білім беру практикаларын кеңінен енгізуге, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сабақтастық пен оқыту сапасын қамтамасыз етуге, сондай-ақ зерттеу, әдістемелік және практикалық қызмет нәтижелерін көрсету арқылы аттестаттау талаптарын орындауға бағытталған.
Өткізілген іс-шара әртүрлі өңірлердегі педагогтер арасындағы кәсіби өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп, педагогикалық тәжірибені тарату педагогтің кәсіби өсуінің тиімді құралы екендігін растады.








