2025 жылғы 8 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» МКҚК жұмыс жоспарына сәйкес педагогикалық республикалық, облыстық оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған авторлық материалдар негізінде тәжірибені тарату вебинары математика пәнінен өтті.
Вебинарға Астана қаласының, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облысы, Ақтөбе облыстарының білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Шара барысында қатысушылар оқу-әдістемелік материалдары мен авторлық бағдарламаларын тақырыптарын талқылап, таныстырды.
Вебинар соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, қызықтырған авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдар бойынша сұрақтар қойды. Шараның танымдық сипаты мен қолданбалы мәні қатысушылардың жоғары бағасына ие болып, педагогикалық қауымдастықтың кәсіби деңгейін көтеруге ықпал етті.