Ойлау мәдениетін қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер: жас физика педагогтері үшін қалалық семинар

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «Шеберден -тәлім» жобасы аясында «Ойлау мәдениетін қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында қалалық семинар өтті. Іс-шараға қала мектептерінің жас физика пәні педагогтері қатысып, тәжірибе алмасу және кәсіби даму алаңында бас қосты. Семинарға барлығы 54 жас маман қатысты.

Семинардың мақсаты – жас мұғалімдерге оқушылардың сыни және шығармашылық ойлауын дамытатын заманауи әдістерді ұсыну, тиімді педагогикалық практикалармен таныстыру және кәсіби қолдау көрсету.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «№103 орта мектеп» КММ базасында өтті. Семинардың ашылуында мектеп директоры Айтова Жанат Турысбековна және «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Кабдиева Анар Сарсенбаевна жас мамандардың кәсіби өсуінің маңыздылығын атап өтіп, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Бағдарлама аясында қатысушылар төмендегі шеберлік сабақтарына қатысты:

  • «Физика сабақтарында PBL тәсілі: теориядан тәжірибеге»
    (Мамбетов Бакберген Оңғарбаевич, педагог-шебер, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты)
  • «Цифрлық контенттерді қолдану арқылы физика пәнін оқыту»
    (Касымов Берікжан Сырымович, педагог-шебер, Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия)
  • «Онлайн зертхана тиімділігі» (Дүйсеев Есбол Ермекович, педагог-шебер, дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты)

Іс-шара «Мұғалім энергиясы» атты тренингтік жаттығумен басталып, жас мамандар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды. Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұсынылған әдістердің өз кәсіби қызметтерінде үлкен көмегі болатынын атап өтті.

Семинар жас педагогтер үшін тәжірибелік бағыттағы маңызды алаң болып, олардың кәсіби құзыреттерін арттыруға айтарлықтай үлес қосты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *