«ОЙ-САНДЫҚ: ОҚУ ЖӘНЕ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ТАБЫСТЫ СИНЕРГИЯ» БАЙҚАУЫ

2025 жылғы 8 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі» ЖШС ұйымдастыруымен № 93 мектеп-лицей базасында қазақ тілі мен әдебиеті және математика пәні мұғалімдерінің функционалдық сауаттылығын арттыруға және сыни тұрғысынан ойлай алатын педагогтерді анықтау мақсатында «Ой-сандық: оқу және математикалық сауаттылық – табысты синергия» байқауы өтеді.

Байқау жұмысына Астана қаласының Білім басқармасы өкілдері қатысады.

Іс-шара мақсаты – кіріктірілген тапсырмалар арқылы педагогтердің оқу сауаттылығы мен логикалық ойлау қабілетін арттыру, күрделі тапсырмалардың шешу жолдарын үйрету арқылы қолдау көрсету және ынталандыру.

Байқаудың ауданаралық кезеңінен өткен 110 мұғалім қалалық кезеңге қатысады. Қалалық кезең жұптық, топтық, командалық (финал) сайыстар түріндегі үш этапта өтеді. Бұл кезеңде қатысушылар жұппен және топ болып кіріктірілген тапсырмаларды орындайды.

Қалалық кезеңде жеңімпаз танылған топ байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алады.

Байланыс телефоны: +7 701 672 1273, Аубакиров Аят Сәбитұлы, Орта білім беру бөлімінің әдіскері;

+77771000574 Умаров Дастан Еркинович, баспасөз хатшысы, WhatsApp: +7 702 100 0574

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *