2025 жылғы 19 сәуірде Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес Астана қаласының №66 мектеп-лицейі базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Ой дамыту» қалалық олимпиадасы өткізілді.
Ауқымды білім сайысына қала мектептерінен 93 математика пәні мұғалімі қатысып, өз кәсіби біліктілігі мен логикалық ойлау қабілетін сынады. Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
· I кезең – логикалық математика тест тапсырмаларын орындау;
· II кезең – жазбаша түрде олимпиадалық есептерді шешу.
Қатысушыларға тапсырмаларды орындауға жалпы 120 минут уақыт берілді.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен педагогтар келесі марапаттарға ие болды:
· Бас жүлде – 1 жеңімпаз
· I дәрежелі диплом – 4 қатысушы
· II дәрежелі диплом – 11 қатысушы
· III дәрежелі диплом – 10 қатысушы
· Мадақтама грамотасы – 11 педагог
Олимпиада – ұстаздардың шығармашылық әлеуетін арттырып, кәсіби даму алаңына айналды. Іс-шараға белсенді қатысқан барлық педагогтерге алғыс білдіреміз!