Оқу сапасын арттырудағы іс-әрекетті зерттеудің тиімділігі

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК  2024  жылдың 22 сәуір күні сабақтағы іс-әрекетті зерттеу арқылы мұғалімнің біліктілігі мен оқыту тәжірибесін жетілдіру, желілік қоғамдастық аясында мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін қала көлемінде тарату мақсатында Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында «Оқу сапасын арттырудағы іс-әрекетті зерттеудің тиімділігі» атты қалалық семинар практикум ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Бейімбет Майлин  атындағы №52 мектеп-гимназиясының, Ш. Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназияның, С. Қожанов атындағы №64 мектеп-лицейінің ұстаздары қоғамдастық аясында бірлесе жұмыс жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға  Әдістемелік орталықтың әдіскері  Амирова Алтынай Бекбаевна, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Ултанбаева Сара Еркиновна және  қала мектептерінің бастауыш сынып, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі пәні мұғалімдері  қатысты.

Семинар басында №52 мектеп-гимназиясының директоры Бекжанова Жаудир Бахтиярқызы білім саласындағы жаңалықтармен бөлісе отырып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде №52 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Ұ.М. Азимбекова, К.К. Жунусова 4«З» сыныбында «Есептеудің және есептерді шығарудың тиімді тәсілдері» тақырыбында, №63 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі С.А. Султанова 4«Е» сыныбында «Дара және күрделі сан есімдер» тақырыбында, №64 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері  Б.А. Аяпова, А.А. Хожамбергенова 4 «И» сыныбында «Ғарышкердің ас мәзірі» тақырыбында, №52 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдері З.Таубай, Г.Х. Джуманова 5-сыныпта «Сарматтардың саяси тарихы» тақырыбында, №64 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері С.А. Оспанова, Г.К. Жукенова 10-сыныпта «Scientific breakthroughs» тақырыбында, №52 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімдері А.Т. Бейсекеева, Ж.Ж. Мусина 11-сыныпта «Ерте орта ғасырдағы мемлекеттер. Түрік қағанаты (552-603)» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

Пән мұғалімдерінің қатысуымен №52 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып және пән мұғалімдері К.М. Абдуажитова, Ж.А. Жакиенова, Г.У. Сарсенбаева «Заманауи кері байланыс және рефлексия» тақырыбында; К.Т. Уайсова, А.М. Кызаева «Бастауыш сыныптарда көрнекіліктерді қолдану әдістемесі» тақырыбында; С.А. Даниярова, Р.Т. Сапарбаева «Lesson Study кезеңдері. Сабақты зерттеу оқушыны қалай өзгертеді?» тақырыбында; №63 мектеп-гимназиясының мұғалімдері А.К. Кабдирашова, Г.Ш. Шапиева «Бақылау парағын құрастыру арқылы мұғалімдер арасындағы кері байланысты ұйымдастыру» тақырыбында; №64 мектеп-лицейінің мұғалімдері Д.Ш. Нурбекова, Н.С. Жұмабай, С.Е. Нургожина «Leson Study аясында оқушылардың тыңдалым, айтылым дағдыларын дамыту әдістері» тақырыбында мұғалімдердің әдістемелік қоржынын толтыру мақсатында шебер сыныптар өткізді.

Сонымен қатар №52 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып және пән мұғалімдері Р.И. Орынбасарова, Г.А. Естек, Г.Б. Жұманазарова, Ж.Б. Шильдебаева, Г.Т. Кобжанова, М.М. Альжанова, Г.С. Ракишева әдіс-тәсілдер көрмесін көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында келген қонақтар  мектеп оқушыларының өнерін тамашалап, Әдістемелік орталықтың әдіскері А.Амирова іс-шараны қорытындылап, қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, тиімді кері байланыс жасады. Семинарға қала мектептерінен 63-ке жуық мұғалім қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *