15.09.2022 ж. күні «Өзгерістерден ізденістерге дейін» НЗМ бірлескен тәжірибе алмасу жұмыс алаңы басталды. Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебімен» жүргізілетін тәжірибе алмасу алаңы жұмыс тобындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мендибаева Салтанат Аблахатқызының 8-сыныпта өткізген «Отбасы және демографиялық өзгеріс» сабағына қатысып қайтты. Мұғалімдер оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу мақсатында жүзеге асқан сабақтан өздеріне керекті мәліметті алып, сабақтан кейін өзара талқылау жұмыстарын жүргізіп, алда жүргізілетін зерттеу жұмысы бойынша тақарыптарын нақтылап қайтты.
НЗМ мектептерімен бірлескен тәжірибе алмасу алаңы
