2025 жылғы 27 маусым күні Әдістемелік орталықта «943-еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жоба аясында білім беру ұйымдарының басшыларына арналған кеңес өтті.
Кеңесте Мақсатты мектептерді дамыту жөніндегі перспективалық даму жоспарынасәйкес, 2027 жылға дейін орта білім беру ұйымдары арасында «Мақсатты мектептер» санаты болмайтындығы атап өтілді.
Оқу жылы барысында мақсатты мектептермен жұмыс жасаған Жоба кеңсесінің әдіскер-менторлары мен жобаны қадағалаған оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары үнемі тығыз байланыста болды. Олар педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, педагогтерге арналған іс-шараларды өткізу, сондай-ақ Астана қаласының Әдістемелік орталығы және БСҚД (Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті) тарапынан жүргізілген мониторинг шеңберіндегі мәселелерді бірлесіп шешті.
