«943-еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жоба аясында, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» Жобалық кеңсенің жұмысы аясында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Нейробика» атты семинар-тренингін аяқтады. Аталған іс-шара педагогтерге кәсіби көмек ретінде, сабақ үрдісінде білім алушылардың миының когнитивті функциясын нейрожаттығулар арқылы арттыру мақсатында жүргізілді. Жалпы гаджет пен жасанды интеллект заманында академиялық білім берумен қатар мидың ойлау қабілетімен функционалды мүмкіндіктерін жетілдіру маңыздылығы өте жоғары.
2024 жылдың тамыз және 2025 жылдың аұпан айлары арасында аталған тренинг қаламыздың 19 мектебінде өткізіліп, оған 749 педагог қатысқан.
Тренингтің жүргізушісі және авторы орталықтың әдіскері, нейротренер, психофизиолог Сембаева Асем Болатқызы әр сабақта 1 минуттан 3 қайтара нейрожаттығуларды өткізу практикасы мидың жұмысын арттырады, жалпы оқушылардың жалығуы мен шаршаудың алдын алады, сонымен қатар оқушылардың сабаққа деген қызығышылығының артуына да әкеледі дейді.