«Нейробика» семинар-тренингі

«943–еліміздегі нысаналы мектептерді дамыту» республикалық жоба аясында, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» Жобалық кеңсенің жұмысы аясында 2025 жылдың 30 қаңтарында Қ. Мұхамедханов атындағы №90 мектеп-гимназиясының педагогтеріне арналған «Нейробика» атты семинар-тренингін өткізді. Тренингке мектептің 27 пегагогі қатысты. Аталған іс-шара педагогтерге кәсіби көмек ретінде, сабақ үрдісінде білім алушылардың миының когнитивті функцияларын нейрожаттығулар арқылы арттыру мақсатында жүргізілді. Жалпы гаджет пен жасанды интеллект заманында академиялық білім берумен қатар мидың ойлау қабілетімен функционалды мүмкіндіктерін жетілдіру маңыздылығы өте жоғары.

    Тренингтің жүргізушісі және авторы орталықтың әдіскері, нейротренер және психофизиолог Сембаева Асем Болатқызы @as.sembaeva.training әр сабақта 1 минуттан 3 қайтара нейрожаттығуларды өткізу практикасы мидың жұмысын арттырады, жалпы оқушылардың жалығуы мен шаршаудың алдын алады, сонымен қатар оқушылардың сабаққа деген қызығышылығының артуына да әкеледі дейді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *