Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес «Наурыз» мерекесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар:
14 наурыз «Көрісу күні»
15 наурыз «Қайырымдылық күні»
16 наурыз «Шаңырақ күні»
17 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»
18 наурыз «Ұлттық киім күні»
19 наурыз «Жаңару күні»
20 наурыз «Ұлттық спорт күні»
21 наурыз «Ынтымақ күні»
22 наурыз «Жыл басы»
23 наурыз «Тазару күні»
Наурыз мерекесін аталған күндер бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырудың маңыздылығы айтылды. Әсіресе, балаларға Наурызға байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды түсіндіріп, оларды сахналау арқылы танымдық іс-әрекеттер ұйымдастыру қажеттілігі ерекше атап өтілді. Ұлттық ойындар мен мәдени құндылықтарды балаларға таныстыру – бұл мерекенің негізгі мақсаты ретінде көрсетілді.
Сонымен қатар, вебинарда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасымен үндестіре отырып Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр, Ұлттық киім, Ұлттық спорт күнін ұйымдастыру ұсынылды. Аталған іс-шаралар балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеудің тиімді жолы болып табылады.
Іс-шараға мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 470-ке жуық әдіскері қатысты.