30 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес ағылшын тілі пәні, қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) педагогтеріне арналған «Namaste, India!» Қазақстандық мұғалімдердің Үнді елінде өткен тағылымдама аясындағы қалалық семинар өтті. Семинарға ағылшын тілі пәні, қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) педагогтері қатысты.
Семинарда Әдістемелік орталығының әдіскерлері Амирова Алтынай Бекпаевна «ITEC бағдарламасының мүмкіндіктері», Айгараева Раушан Ратовна халықаралық тәжірибесі туралы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың қонағы Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы Хоти Лал
мен маркетинг бойынша ассистенті Ибрагимов Е. Үнді елінің бағдарламасына қатысу шарттары туралы сөз сөйледі. Сонымен қатар, №70 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Кадирбаев С.М. «Көптілділік ортасында: Үндістандағы тіл саясаты мен ағылшын тілін оқытудың ерекшеліктері» шеберлік сыныбын, А.Байтұрсынұлы атындағы Binom school мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Данебаев Ж.О. «Оқыту және білім алу. Сабақ барысын қалай құрастыру және бағалау керек», №54 мектеп лицей, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кайрлиева Г.Е. «Африка, Оңтүстік Азия елдерінің білім саласының ерекшеліктері» тақырыптарында сөз сөйледі.
Семинар кезінде педагогтердің сұрақтарына спикерлер толық, тиянақты жауап берді. Іс-шараға қатысқан педагогтерден оң кері байланыс алынды.