2026 жылғы 26 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МККҚ арнайы және инклюзивті білім беру бөлімінің әдіскерлері №21 «Гүлдер» балабақшасында әдістемелік күн өткізді.
Мақсаты: арнайы мамандарға ЕББҚ бар балалармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру барысында оқытуды реттейтін инклюзивті және арнайы білім берудегі нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Әдістемелік көмек көрсету барысында арнайы педагогтер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың ерекшеліктерімен, ППҚ қызметін ұйымдастырумен танысты. Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің заманауи әдістері мен тәсілдері көрсетілді.
Арнайы педагогтермен кері байланыс жүргізілді. Әдістемелік күн барысында инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.











