МЕНІҢ ЕЛІМ – МӘҢГІЛІК ЕЛ!

Республика күніне орай ұйымдастырылған Астана қаласы балабақшаларының қалалық іс-шарасы

2024 жылғы 23 қазан күні Астана қаласындағы №47 «Ақ желкен» балабақшасында Республика күніне арналған қалалық семинар өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – мұғалімдерді әдістемелік қамтамасыз ету, заманауи әдіс-тәсілдер мен ойын әрекеттерін пайдалана отырып, балаларды отаншылдыққа тәрбиелеу бойынша тәжірибе алмасу, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін дамыту және мамандардың біліктілігін арттыру.

Семинарға елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 30-дан астам әдіскерлері мен педагогтері, сондай-ақ тәрбиеленушілердың ата-аналары қатысты.

Шараның кіріспе бөлімінде №№47, 49, 73, 83 балабақшаларының бүлдіршіндерімен бірлескен концерттік бағдарлама өткізілді

Семинар барысында бірқатар шеберлік сыныптар ұсынылды.

№47 «Ақ желкен» балабақшасының тәрбиешілері өткізген «Эйдетикалық ойындар» шеберлік сыныбында қиялдау және ассоциативті ойлау арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту әдістері таныстырылды.

«Қазақтың көне ұлттық ойындары», «Менің Отаным – Қазақстан» шеберлік сыныптары, сондай-ақ «Қазақша оюды қимылмен жаса» сергіту сәті жұмыстары семинарға қатысушыларды қазақтың ұлттық ойыны арқылы тәрбиелеу әдіс-тәсілдерімен таныстырды.

Семинар патриоттық тәрбие беру саласында тәжірибе алмасу және шабыттандыратын маңызды алаңға айналды, бұл Астанадағы балабақшалардағы тәрбиелік іс-шараларға оң әсер ететіні сөзсіз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *