2025 жылдың мамыр айында Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері жұмыс тобымен бірге «Әдемау», «Академия», «ASYL BALA 2018», «ASYL BALA 2018», «ЖАҚСЫ», «АРТ-Малыш», «KSS group», «Sultan», «Жанбибі», «TILLY WILLY INC», «TILLY WILLY INC» балабақшасы, «А Л И 2020», «Алақай», ЖШС Бала капитал «Малика», ЖШС Растиград жекеменшік балабақшаларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.
Көмек көрсету барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын негізінде:
— Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау;
— Баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;
— Үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (бастапқы, аралық, қорытынды) болуы және талдау;
— Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар;
— Балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау, ҰБДҚ базасына шынайы ақпараттарды толтыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.