2025 жылғы 19-23 желтоқсанда Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің жұмыс тобымен бірге ЖШС «Абзал 86», «Бақытты бала IQ»» жекеменшік балабақшасында әдістемелік күн өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымын аттестаттаудан өткізу барысында әдістемелік қолдау көрсету. Әдістемелік көмек Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы №486 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штат нормативтеріне сәйкес штат санына қойылатын талаптарды қарауды көздеді.
Әдістемелік көмек барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары мен оқу бағдарламасының талаптарын сақтау, ұйым қызметінің үлгілік қағидаларын орындау, тәрбиеленушілердің даму мониторингін жүргізу, жас топтарын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ескере отырып қалыптастыру, сондай-ақ Ұлттық білім беру деректер қоры мәліметтерінің құжаттарға сәйкестігі мәселелері талқыланды.










