Астана қаласының Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімі жұмыс тобының мүшелерімен бірлесіп, 2025 жылдың сәуір айының 14 мен 22 аралығында мемлекеттік аттестаттаудан өтетін «А. Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL», «Ә. Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL», «Ы. Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL», «Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL», «Ә. Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL», «Қ. Сатпаев атындағы BINOM SCHOOL» әкімшіліктеріне әдістемелік көмек көрсетті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау критерийлеріне» сәйкес мектептің мемлекеттік аттестаттауға дайындығы талданды. Жұмыс тобының мүшелері 2023-2024; 2024-2025 оқу жылдарында МЖМБС іске асыру бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында әдістемелік көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді.