МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН ӨТТІ

2024 жылдың 07 қараша күні Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері және жұмыс тобымен бірге мемлекеттік аттестаттаудан өтетін №51 «Алтын сандық» балабақшасына әдістемелік көмек көрсету мақсатында әдістемелік күн ұйымдастырды.

Әдістемелік күн барысында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары негізінде:

— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкестігі;

— Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес іске асыру;

— Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын сақтау;

— баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;

— үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болуы және талдау;

— Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар;

— МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы

— Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар;

— балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.

One comment

  1. Әдістемелік орталықтың бізге педагогтарға келіп көмек көрсеткені өте жақсы болды . Маңызды ақпараттарды алдық өзімізге ,білмейтінімізді үйрендік. Керемет рахмет сіздерге көп көп

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *