2024 жылғы 14-18 қазан аралығында Астана қаласы Әдістемелік орталығының білім беру ұйымдарын аттесттаттауда әдістемелік сүйемелдеу бөлімі және 2024 жылғы 13 қыркүйектегі №131 бұйрық негізінде құрылған жұмыс топ мүшелерімен бірге мемлекеттік аттестациядан өтетін №57 орта мектебі, №65 мектеп-гимназия, №68 мектеп-гимназия, №70 мектеп-лицейіне әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жалғасуда.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары» бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Анықталған кемшіліктер бойынша Білім беру ұйымдарын аттестаттауды әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлерімен түзету жұмыстары жүргізілді.