«МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛГОРИТМІ»

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен 2025 жылғы 31 қазан күні «Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін тиімді ұйымдастыру алгоритмі» тақырыбында оқыту семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – мамандардың  кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша жан-жақты кеңес беру.

         Семинар барысында орталық әдіскерлері арнайы және инклюзивті білім беру ассоциациясы мен шығармашылық топ мүшелерімен бірлесе отырып жалпы орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру бойынша жүргізілетін жұмыс алгоритмін нақтылап ашып көрсетті.

         Сонымен қатар, ППҚ құрамындағы әр маманның жүргізетін құжаттар тізбесі әзірленіп,  үлгілері ұсынылды.

         Оқыту семинарында 400-ге жуық педагог қамтылды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *