2026 жылғы 22 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның жылдық жоспарына сәйкес Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде жалпы орта білім беру ұйымдарының арнайы педагогтеріне арналған «Мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау (ППҚ) жұмысын ұйымдастыру алгоритмі және тиімді тәжірибелік тәсілдер» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинар барысында келесі тақырып тар қамтылды:
- Мектептегі ППҚ қызметін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері;
- Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстар;
- ЕБҚ бар балалармен жұмыс жасауда педагогтер мен ата-аналардың өзара бірлескен жұмысының тиімді тәжірибелері.
Семинар-практикумға жалпы орта білім беру ұйымдарының 100-ден астам арнайы мамандары қатысты.











