«Мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру теориясы мен практикасы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Астана қаласы Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес «Мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру теориясы мен практикасы» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы Астана қаласының Ә.Кекілбаев атындағы «Binom school» мектеп-лицей базасында өтті.

Конференцияның мақсаты:

1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, практикалық пікірталас алаңын ұйымдастыру;

2. Сандық технологияларын қолдану аясында құндылықтарды арттыру, білім сапасын көтеру.

Конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ, Назарбаев университетінің оқытушылары, Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы, “Bilim land” ЖШС өкілдері және республиканың білім беру ұйымының педагогтері қатысты. Іс-шараға 350 педагог қатысты.

Конференция 2 кезең бойынша өтті: пленарлық және секциялық отырыс

Конференция келесі секциялар бойынша жүргізілді:

1. Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

2.Сандық технологиялар бағдарламаларын пайдалана отырып жаратылыстану сауаттылықты арттырудың практикалық негіздері

3.PISA TIMSS, PIRLS Халықаралық бағдарламалар тәжірибесіне негіздей отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар құрастыру амалдары

4.Сандық технологиялар негізінде математикалық сауаттылықты қалыптастыру практикасы

5.Оқу сауаттылығын арттыруда сандық технологиялардың практикалық маңыздылығы

Аталған іс шарада функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмаларын құрастыру барысында ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелік негіздерді ескере отырып тапсырмаларды құрастыру мысалдарын тәжірибелік тұрғыда қолданудың үлгісін көрсетті.

Конференцияда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, PISA халықаралық бағдарламасы бойынша нәтижені жақсарту, ұлттық құндылықтар мен құзыреттіліктерді қалыптастыру, соның нәтижесінде оқу

сапасын арттыру мәселелері пленарлық және секциялық отырыстарда талданып, талқыланды.

Сонымен бірге біртұтас тәрбие бағдарламасын функционалдық сауаттылық негізінде оқушыларға қалыптастыру мәселесі талқыланды.

Конференция материалдарының жинағына республиканың педагогтері 320 мақала жолдады, оның ішінде 190 мақала жариялануға жіберілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *