2025 жылғы 30 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы және «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарға сәйкес №64 «Арай» балабақшасында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің кешенді тәсілдері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинар барысында инклюзивті қолдау қабинетінің кураторы, «Болашақ» корпоративтік қорының мінез-құлық талдаушысы Г.С. Сүлейменова «Программа оценки навыков речи и социального взаимодействия по VB-MAPP» , тақырыбында бірлескен жұмыстың іс-әрекетіндегі нәтижесін түсіндіре отырып, балалармен жасалатын жұмыс түрлерін көрсетті. Сонымен қатар инклюзивті қолдау кабинетінің педагог –ассисенттері мен арнайы дефектолог мамандары ерекше білім беруді қажет ететін балалармен «Такт (понимание речи, визуальное восприятие)», «Навыки визуального восприятия и сопоставление с образцом», «Еліктеу және нұсқаулық дағдылары» тақырыптарында ұйымдарстырылған ашық оқу іс әрекеттері мен шебер сыныптар көрсетті.
Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 35 арнайы мамандары қатысты.