Ағымдағы жылдың 5-11 маусым аралығында Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 16 өкілі Түркия мемлекетінің Стамбул қаласында өткен халықаралық семинарға қатысты.
Семинар Түркия мемлекетінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері тақырыбында өтті.
Халықаралық тағылымдама аясында 15 маусым күні Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың жаңа мазмұнындағы курстан кейінгі сүйемелдеу семинары өтті.
Семинар барысында Мектепке дейінгі инклюзивті білім берудің заманауи тәсілдері таныстырылып, педегогтер алған тәжірбиелерімен бөлісті.
Халықаралық тәжірибені зерделу және озық тәжірбиені енгізуде озық халықаралық түрік әдіс тәсілдері мен технологияларын қолдануға болатын тиімді тәсілдер ортаға салынды.
Сондай-ақ, «PREP»,«ABA» технологиясы мен тәсілдері таныстырылды.