Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған семинар практикум өтті

2025 жылғы 17 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №96 «Аяла» арнайы балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «ЕББҚ бар балалармен түзету жұмыстарында сенсорлық интеграция әдістерін қолдану» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар барысында:

— ЕББҚ бар балалармен түзету жұмыстарында ата-аналармен жұмыс әдістерін қолдану;

— ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен түзету жұмысында сенсорлық интеграция әдістерін тиімді пайдаланау;

— мінез-құлық бұзылыстары бар балаларды балабақшада сүйемелдеу;

-шығармашылық тапсырмалар арқылы балалардың сенсомоторлық дағдыларын дамыту;

— интеграцияланған ұйымдастырылған іс-әрекетінде асық ойындары арқылы танымдық қабілетін дамыту;

— музыкатерапия элементтерін қолдану арқылы балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту;

— қолданбалы қолөнер тәсілдерімен балалардың ұсақ қол моторикасын жетілдіру;

— балалардың белсенділігін қимыл-қозғалысты ойындар арқылы дамыту;

— сюжетті-рөлдік ойындар арқылы балалардың сөйлеуін дамыту; атты

тақырыптарда ақпарат беріліп, ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетіліп ЕББҚ бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, шебер сыныптар көрсетілді.

Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 30-ға жуық арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *