Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған семинар практикум өтті

2025 жылғы 10 сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №89 «Қыз Жібек» балабақшасында ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарында инновациялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар барысында:

— Ерекше қажеттіліктері бар ата-аналар мен балалардың өмір сүру сапасын жақсарту;

— Интерактивті технологиялар мен ойын арқылы балалардың түзету жұмысын тиімді ұйымдастыру;

— Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс барысында педагог мамандар үшін эмоционалды интеллекттің маңыздылығы ;

— Мінез-құлқы қиын баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ;

— АВА-терапияның теориялық және практикалық жұмыстарын іс-тәжірибеде қолдану ;

— PEKS карталарын қолдану әдістері;

— Бағдарламадағы АВА-терапияның баланы сүйемелдеудегі әдіс-тәсілдері;

— Ерекше балалармен жұмыстанудағы нейропсихологиялық тәсіл;

— Визуалды және аудиовизуалды ақпараттың логопедиялық маңызы

тақырыптарында ақпарат беріліп, ЕБҚ бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, шебер сыныптар көрсетілді.

Семинарға қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 25-ке жуық арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *