2025 жылғы 05 желтоқсан Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес №98 «Мирас» балабақшасының арнайы мамандары Нұра ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізді.
Іс-шара барысында балабақшаның арнайы мамандары ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттерін көрсете отырып ерекше балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіне қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 30-ға жуық арнайы мамандары қатысты.











