2025 жылғы 29 сәуір Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес №71 «Мөлдір» балабақшасының арнайы мамандары Алматы ауданы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізді.
Іс-шара барысында балабақшаның арнайы мамандары ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен ««Түрлі-түсті асықтар», «Асық ойындары арқылы баланың ой өрісін, зейінін дамыту» атты ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерін көрсете отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіне қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 20-ға жуық арнайы мамандары қатысты.