Мектепке дейінгі арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының іс-шарасы

2025 жылғы 08 сәуір Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес №54 «Нұр-ай» балабақшасының арнайы мамандары Есіл аудандарының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізді.

Іс-шара барысында балабақшаның арнайы мамандары ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен «Әжемнің ауылына саяхат», «Көктем», «Занимательная прогулка», «Жеке бағдарламамен түзету жұмысы», «Логоритмика» атты ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерін көрсете отырып ерекше балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіне қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 15-ке жуық арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *