Мектепке дейінгі арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының іс-шарасы

2025 жылғы 12 наурыз Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мектепке дейінгі арнайы және инклюзивті білім беру педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес №42 «Бәйшешек» балабақшасының арнайы мамандары Алматы, Сарайшық аудандарының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізді.

Іс-шара барысында балабақшаның арнайы мамандары ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен «Көктемгі нота», «Мінез-құлық бұзылыстары бар балалармен қимылды ойындар» атты ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерін көрсете отырып ерекше балалармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіне қатысушылар кері байланыста болып, ашық диалог аясында еркін пікір алмасты. Іс-шараға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының

30-ға жуық арнайы мамандары қатысты.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *