«Мектепішілік бақылауды енгізу» тақырыбында өткізілген қалалық семинар

2025 жылғы 06 наурызда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен Шейх Халиф бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектепішілік бақылауды енгізу» тақырыбында қалалық семинар-практикум өтті.

Семинар барысында мектепшілік бақылаудың мақсаттары мен міндеттері, құжаттарды жүзеге асырудағы ерекшеліктер, білім беру процесіне қатысушылар арасындағы үйлестіру мәселелері талқыланды. Практикум барысында қатысушылар нақты кейстерді талдап, мектепшілік бақылау жоспарын құру бойынша жұмыс жасады. Білім беру ұйымдарының директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары тәжірибе алмасып, ішкі мектептік бақылаудың жүзеге асырылу жағдайларын талқылады. Қатысушылар кері байланыс нәтижесінде семинардың өте пайдалы әрі қызықты болғанын атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *